«Милан» клубының аңызы Франко Барези 66 жасында қайтыс болды

Бегасыл Амирбай ··
«Милан» ФК

«Милан» ФК

«Милан» клубының және Италия құрамасының бұрынғы капитаны Франко Барези 66 жасында өмірден өтті. Соңғы жылдары аңыз қорғаушы ауыр дертпен күрескен.

Барези бүкіл кәсіби мансабын «Милан» сапында өткізді. Қорғаушы клуб құрамында 719 матчқа қатысып, алты рет Италия чемпионы атанды. Сондай-ақ үш мәрте Еуропа чемпиондар кубогын, екі рет Құрлықаралық кубокты және төрт рет Италия суперкубогын жеңіп алды.

Италия құрамасы сапында Барези 81 матч өткізді. 1982 жылы ұлттық құрамамен бірге әлем чемпионы атанды.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Милан» клубы Барезидің алтыншы нөмірін қолданыстан шығарды. 2020 жылдан бастап ол клубтың құрметті вице-президенті қызметін атқарған.