«Милан» Модрич бойынша шешімін жариялады. Аңыз ойыншыны алда не күтіп тұр?

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Хорватия құрамасының аңызға айналған жартылай қорғаушысы Лука Модрич италиялық «Милан» сапындағы өнерін жалғастырады.

Алдыңғы келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін тараптар жаңа келісімге келді. Жаңа келісім тағы бір маусымға есептелген. Сонымен қатар ардагер футболшының ұлттық құрамадағы болашағына қатысты түрлі пікірлер әлі де айтылып жүр.

2025 жылдың жазында Модрич мадридтік «Реалдағы» 13 жылдық мансабынан кейін еркін агент ретінде «Миланға» ауысқан болатын. Оның италиялық клубпен келісімшарты биыл жазда аяқталды, алайда тараптар ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Келісімшартты ұзарту туралы ресми ақпарат 23 шілдеде жарияланды. Футболшы өз таңдауына бір сәт те күмән келтірмегенін айтты.

«Миланда қалғаныма қуаныштымын. Алғашқы күннен бастап бұл жерде қолдау, құрмет және жылы қарым-қатынасты сезіндім», – деді хорватиялық жартылай қорғаушы.