«Милан» «Ливерпуль» көшбасшысы ван Дейкті қатарға қосуды көздейді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Ливерпуль» ФК  / Chris Shaw

Фото: «Ливерпуль» ФК / Chris Shaw

«Милан» клубы «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейкті негізгі трансферлік мақсат ретінде қарастырып отыр.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, ПСЖ-дан шабуылшы Гонсалу Рамушты сатып алғаннан кейін, италиялық клуб басшылығы енді орталық қорғаушы іздеуге басымдық берген.

Клубтың аға кеңесшісі Златан Ибрагимович ван Дейкті басты нысана деп санап, команданың қорғанысын тәжірибелі нидерландтық футболшының айналасында құруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта «Милан» бұл трансферді жүзеге асырудың қаржылық мүмкіндігін зерттеуде.

Айта кетейік, қорғаушының «Ливерпульмен» келісімшартының соңғы жылы басталды. Соған қарамастан, ағылшын клубы Ибраима Конате кеткеннен кейін команданың негізгі ойыншыларының бірін жібергісі келмейді.

«Ливерпуль» сапында Вирджил ван Дейк 374 матч өткізіп, 36 гол соғып, Англия чемпионатын, Чемпиондар лигасын, Англия кубогын және Англия лигасы кубогын жеңіп алған.