Мирослав Ромащенко: «Допты қарсыласқа өзіміз сыйладық»

Бекарыс Әлімхан··
«Ахмат» ФК

«Ахмат» ФК

«Тобылдың» бас бапкері Мирослав Ромащенко УЕФА Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта сербиялық «Партизаннан» 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін ойынға қатысты пікір білдірді.

Қостанайлық клубтың тәлімгері қарымта кездесуде команда бар күшін салып, тартысты ойын көрсетуге тырысатынын айтты.

«Менің ойымша, мұндай матчтарда нәтижеге жету үшін ойынның алғашқы минутынан соңғы секундына дейін барлық жақсы қасиетіңді көрсетуің керек. Зейін бір сәтке де төмендемеуі тиіс. Әрқашан алда қарымта матч бар екенін есте ұстау қажет. Есеп қандай болса да, күресті тоқтатуға болмайды.

Біз жіберген қателіктермен ешқандай нәтижеге үміт арту мүмкін емес. Шынын айтқанда, голдарды қарсыласқа өзіміз сыйладық. Олардың гол соғуына өзіміз көп мүмкіндік бердік. Әрине, алда қарымта матч бар, бірақ оңай болмайды. Тығыз ойын кестесіне қарамастан, жақсы дайындалып, мінезімізді көрсетіп, келесі кезеңге өту үшін барымызды саламыз», – деді Ромащенко.

«Тобыл» мен «Партизан» арасындағы қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына жолдама алып, онда Испанияның «Хетафе» клубымен кездеседі.