Мирра Андреева XXI ғасырдағы «Ролан Гаррос» рекордын тіркеді

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Christopher Pike

Фото: Christopher Pike

Ресейдің бірінші ракеткасы Мирра Андреева Францияның ашық чемпионатында XXI ғасыр рекордын орнатты.

Ширек финалда 19 жастағы ресейлік теннисші румыниялық Сорана Кырстяны 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, «Ролан Гаррос» турниріндегі 16-жеңісіне қол жеткізді.

Opta мәліметінше, бұл турнир тарихындағы XXI ғасырда жасөспірімдер (19 жастан аспаған теннисшілер) арасында ең үздік көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд америкалық Кори Гауффқа тиесілі болған. Оның еншісінде 15 жеңіс бар еді.

«Ролан Гарростың» жартылай финалында Андреева украиналық Марта Костюкпен кездеседі.

Еске салайық, биылғы маусымда топырақ төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің жалпы жүлде қоры 72 811 352 долларды (шамамен 34,05 миллиард теңге) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда жүлде қоры рекордтық 9 478 131 долларға (шамамен 4,43 миллиард теңгеге) артқан.