«Монако» бас бапкерін ауыстырады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Omar Havana/Getty Images

Фото: Omar Havana/Getty Images

Франция чемпионатында өнер көрсететін «Монако» клубының жаңа бас бапкері бразилиялық маман Филипе Луис болады.

Бұл туралы журналист Николо Скира X әлеуметтік желісінде хабарлады.

— Алдағы күндері «Монако» клубы қазіргі бас бапкер Себастьен Поконьолимен қоштасуды жоспарлап отыр. Оның орнына Филипе Луис келеді. Келісімшарт 2028 жылға дейін есептелген, — деп жазды Скира.

Бұған дейін 40 жастағы маман бразилиялық «Фламенго» клубын жаттықтырған.

2025/2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Монако» Франция бірінші Лигасының турнир кестесінде жетінші орын алды. Команда 34 матчта 54 ұпай жинады. Алдағы маусымда «Монако» Конференция лигасында өнер көрсетеді.