Моуринью «Реалда» жұмыс істеуге өзінің бапкерлік штабын жасақтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Жозе Моуринью мадридтік «Реалда» жұмысын бастау үшін бапкерлер штабын жасақтады.

AS басылымының мәліметінше, португалиялық маманмен бірге испан клубына оның «Бенфикадағы» қазіргі көмекшілері Жоау Тральяу мен Педру Машаду ауысуы мүмкін. Сондай-ақ штаб құрамына аналитик Роберто Мерелла енеді.

Тральяу Моуриньюдің ең жақын көмекшілерінің бірі саналады. Бұған дейін ол «Бенфика» академиясында жұмыс істеп, Тьерри Анри, Нури Шахиннің дортмундтық «Боруссиядағы» және «Фенербахчедегі» бапкерлер штабында болған. Роберто Мерелла бұған дейін «Интер», «Верона» және «Рома» клубтарында еңбек етті. Кейін ол португалиялық бапкердің командасына қосылған.

Ақпаратқа сәйкес, мадридтік клуб Моуринью «Бенфикамен» келісімшартын мерзімінен бұрын бұзуы үшін шамамен 7 миллион еуро төлеуі мүмкін.

Моуринью «Реалда» жұмыс істеуге өзінің бапкерлік штабын жасақтады – sport-hub