Мысыр Жаңа Зеландияны жеңіп, топ көшбасына шықты

ФИФА
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Мысыр құрамасы Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңіп, G тобында бірінші орынға көтерілді.
Кездесудегі есепті 15-минутта Жаңа Зеландия құрамасының қорғаушысы Финн Сурман ашты. Үзілістен кейін мысырлықтар ойын тізгінін толық өз қолдарына алды.
58-минутта Мостафа Зико таразы басын теңестірсе, 67-минутта Мохамед Салах командасын алға шығарды. Ал 82-минутта Трезеге матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Екі турдан кейін Мысыр құрамасы төрт ұпаймен G тобында көш бастап тұр. Иран мен Бельгия екі ұпайдан жинаса, Жаңа Зеландия бір ұпаймен соңғы орында келеді.
Топтық кезеңнің соңғы турында Мысыр Иранмен кездеседі, ал Жаңа Зеландия Бельгияға қарсы алаңға шығады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.