Басты бет
·
Футбол

«Нағыз аңыз»: Геннадий Головкин Роналдудың Португалия құрамасынан кетуіне пікір білдірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық әйгілі боксшы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы мансабын аяқтауына қатысты пікір білдірді.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы португалиялық футболшының әлеуметтік желідегі жазбасына пікір қалдырып, оның жетістіктеріне жоғары баға берді.

«Нағыз аңыз! Әлемдегі адамдарды шабыттандыруды жалғастыра бер. Сенің мұраң мәңгі сақталады!» – деп жазды Головкин.

Бір қызығы, Роналдудың ұлттық құрамадағы мансабы Қазақстанға қарсы матчтан басталған. 2003 жылдың 20 тамызында 18 жастағы Криштиану алғаш рет Португалия құрамасының сапында алаңға шығып, Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуге қатысқан. Ойын португалиялықтардың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Роналду ұлттық құрама сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соқты және 45 нәтижелі пас берді.

«Нағыз аңыз»: Геннадий Головкин Роналдудың Португалия құрамасынан кетуіне пікір білдірді – sport-hub