«Наполи» – «Арсенал» матчының бейнешолуы

«Арсенал» ФК
«Арсенал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда «Наполиді» 1:0 есебімен жеңді.
Лондондық команда ойын барысында басымдыққа ие болғанымен, ұзақ уақыт бойы өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Кездесудегі жалғыз гол 75-минутта соғылды. Алаңға ауыстыру арқылы шыққан Христос Цолис Мартин Эдегорға пас берді. Норвегиялық футболшы допты төменнен алыс бұрышқа дәл бағыттады.
Айта кетейік, «Арсенал» бұл кездесуде 26 соққы жасаған. Бұл – команда үшін 2003/2004 жылғы маусымнан бергі Чемпиондар лигасындағы бір матчта жасалған ең жоғары көрсеткіш. Эдегордың голына дейінгі шабуыл кезінде лондондықтар 29 пас жасаған. Турнирде «Арсеналдың» нәтижелі шабуылы барысында бұдан көп пас тек 2016 жылы Лукас Перес «Базельдің» қақпасына соққан голдың алдында жасалған. Ол комбинация 33 пастан тұрған.
Екінші турда «Арсенал» 14 қазанда өз алаңында «Лилльді» қабылдайды. Ал «Наполи» сол күні сырт алаңда «Вильярреалмен» кездеседі.
Матчтың бейнешолуы: