Назым Қызайбай бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шықты

ҚБФ
Бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатындағы жарысын жалғастырып жатыр.
Спортшы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда Қызайбай Жамбыл облысының намысын қорғаған Валерия Вайдеманмен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Назымды жеңімпаз деп танып, келесі кезеңге өткізді.
Қазақстандық боксшы үшін бұл ел чемпионаты 2026 жылы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен Азия ойындарынан кейінгі алғашқы ресми жарыс болды.
Құрлықтық додада Қызайбай жарысты алғашқы жекпе-жегінен кейін аяқтады. 54 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында ол Қытай өкілі Сюань Чжаодан жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі — 4:1.
Айта кетейік, Назым Қызайбай әлем чемпионатында үш рет топ жарған. Сондай-ақ 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.