Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: @lucasfigfoto  / CBF

Фото: @lucasfigfoto / CBF

«Сантос» клубының шабуылшысы Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтағанын жариялады.

Неймар ұлттық құрамадағы карьерасын соңғы әлем чемпионатынан кейін аяқтағанын мәлімдеді. Сол турнирде Бразилия құрамасы 1/8 финалға дейін жеткен.

«Менің ойымша, Бразилия құрамасымен байланысты тарихым аяқталды. Мен оған жүрегімді де, бүкіл өмірімді де арнадым. Бірақ қазір жалғастырғым келмейтінін сезіп тұрмын», – деді Неймар.

Неймар ұлттық құрама сапында 2010 жылы дебют жасаған. 16 жыл ішінде ол 130 матч өткізіп, 80 гол соғып, 59 нәтижелі пас берген. Ол Бразилия құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген ретінде мансабын аяқтады.

Неймар үшін ұлттық құрамадағы соңғы ірі турнир – 2026 жылғы әлем чемпионаты болды. 1/8 финалда Бразилия Норвегиядан 1:2 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.