Неймар Лас-Вегаста өткен дүниежүзілік покер сериясына қатысты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Rafael Ribeiro / CBF

Фото: Rafael Ribeiro / CBF

Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатынан ұлттық құраманың шығып қалуынан бірнеше күн өткен соң Лас-Вегаста өткен дүниежүзілік покер сериясының (WSOP) басты турниріне қатысты.

Fox Sports мәліметінше, 34 жастағы бразилиялық ойыншы WSOP-тың басты жарысына 10 мың долларлық бай-инмен қатысқан. Неймар бұл турнирге бір жыл бұрын да қатысып, финалдық үстелге дейін жеткен еді. Алайда бұл жолы ол жарысты алғашқы ойын күнінде аяқтады.

Лас-Вегасқа сапар Бразилия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан (1:2) жеңілгеннен кейін көп ұзамай жүзеге асты. Осы матчтан кейін Неймар ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Әлем чемпионатында шабуылшы екі матч өткізіп, норвегтерге қарсы ойында пенальтиден гол соқты.

Айта кетейік, Неймар Бразилия құрамасы сапында жалпы 129 матч өткізіп, 80 гол соғып, ұлттық команданың тарихындағы үздік бомбардир атанды. Клубтық деңгейде ол «Сантос», «Барселона», «ПСЖ» және «Әл-Хиляль» командаларында өнер көрсетіп, 457 гол және 262 нәтижелі пас тіркеген.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.