Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтағанын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Rafael Ribeiro / CBF

Фото: Rafael Ribeiro / CBF

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан (1:2) жеңілгеннен кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Форвард ойын барысында алаңға қосалқы құрамнан шығып, пенальтиді сәтті орындады. Алайда бұл бразилиялықтарды турнирден шығып қалудан құтқара алмады.

«Мен бар күшімді салдым, тырыстым. Енді бәрі аяқталды. Мен осында бастадым, осында аяқтадым», – деп Неймардың сөзін Globo келтіреді.

Айта кетейік, Неймар — Бразилия құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир. Ол ұлттық құрама сапында 2010 жылы АҚШ-қа қарсы жолдастық матчта дебют жасаған. Содан бері 130 матч өткізіп, 80 гол соғып, 59 нәтижелі пас берген.

Енді 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Норвегия құрамасы Мексиканы (3:2) жеңген Англиямен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтағанын жариялады – sport-hub