Анчелотти Бразилияның Норвегиядан жеңілуіне пікір білдірді

Фото: Rafael Ribeiro / CBF
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан (1:2) жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді.
Италиялық маман Норвегия құрамасының қорғаныстағы ойынын атап өтті.
«Басында біз ойынды бақылап, қауіпті сәттер жасап жатқандай көріндік. Қысымды күшейту қиын болды, себебі Норвегия өте ұйымшыл қорғанды, ал шамадан тыс прессинг әрдайым тәуекелмен байланысты. Бізге бразилия футболына келетін жас таланттар, жоғары деңгейлі ойыншылар қажет. Біз жақсы матч өткіздік, бірақ бұл – футбол. Кейде жеңілісті қабылдау керек», – деп Анчелоттидің сөзін CNA келтіреді.
Еске салайық, Норвегия құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында норвегиялықтар Англия – Мексика жұбының жеңімпазымен кездеседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.