Нидерланды – Марокко матчының үздік ойыншысы аталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Марокко құрамасының қорғаушысы Исса Диоп 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Нидерландыға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.

Англияның «Фулхэм» клубының қорғаушысы алаңда толық матч өткізді және 91-минутта Шемсдин Тальбидің пасынан кейін жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, есепті теңестірді. Матчтан кейінгі пенальти сериясында Марокко құрамасы дәлірек болып, 1/8 финалға жолдама алды. Келесі кезеңде африкалық команда 4 шілде күні Канадамен кездеседі.

Еске салайық, Нидерланды құрамасы 7 ұпаймен F тобында бірінші орын алған. Марокко құрамасы да 7 ұпай жинап, C тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.