«Номад» келесі маусымда «ВХЛ-ға» қайта оралуы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
«Номад» келесі маусымда «ВХЛ-ға» қайта оралуы мүмкін

Елордадағы «Номад» клубы келесі маусымнан бастап қайтадан Жоғарғы хоккей лигасында (ВХЛ) өнер көрсетуі мүмкін.

«Головой об лёд» телеграм-арнасының мәліметінше, «Барыс» жүйесінде фарм-клубты «ВХЛ-ға» қайтару нұсқасы мұқият қарастырылып жатыр.

Өткен маусымда Константин Пушкарев жаттықтырған «Номад» Қазақстан чемпионы атанған еді. Финалдық серияда астаналық команда қарағандылық «Сарыарқаны» 4:1 есебімен жеңді.

Бұған дейін «Номад» 2019/20 маусымында «Сарыарқа» және өскемендік «Торпедомен» бірге «ВХЛ-да» өнер көрсеткен еді. Коронавирус пандемиясы басталғаннан кейін қазақстандық клубтар ресейлік лигадан шығып, ұлттық чемпионатқа қайта оралған болатын.