Норвегия құрамасының жұлдызы мен оның сүйіктісіне ӘЧ-дан кейін қоқан-лоқы жасалды

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Норвегия құрамасының шабуылшысы Александр Сёрлот пен оның сүйіктісі Лена Селнес 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Англияға қарсы өткен матчтан кейін әлеуметтік желілерде қатты қысым мен қорқытуға тап болды.

Кездесу 1:2 есебімен норвегиялық команданың жеңілісімен аяқталған соң, футболшы мен оның сүйіктісіне бағытталған қорлайтын және қоқан-лоқы сипатындағы хабарламалар көбейген.

Селнестің айтуынша, желі қолданушылары оған:

«Күйеуіңе Норвегиядан кетсін деп айт», «Өзіңді өлтір», «Мен оны өлтіремін» деген сияқты жазбалар қалдырған, тіпті жұпқа өлім тілеген.

Сёрлоттың сүйіктісі бұл хабарламалардың бір бөлігін әлеуметтік желіде жариялап, адамдарды сөздеріне мұқият болуға шақырды.

«Әлем чемпионаты адамдарға ұмытылмас эмоциялар сыйлайды, бірақ сонымен бірге, өкінішке қарай, жеккөрушілікті де оятады. Қорлайтын сөздер немесе қоқан-лоқы жазбас бұрын, адамдар кем дегенде бір сәт салдарын ойласа екен», — деп жазды Селнес.

Норвегия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін ширек финал кезеңінде аяқтады.

Норвегия құрамасының жұлдызы мен оның сүйіктісіне ӘЧ-дан кейін қоқан-лоқы жасалды – sport-hub