Басты бет
·
Теннис

Носкова Гауффты жеңіп, WTA қорытынды турнирінде топ басына шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

2026 жылғы Уимблдон чемпионы Линда Носкова АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турниріндегі жеңісті жолын жалғастырды.

Топтық кезеңнің екінші турында әлемнің сегізінші ракеткасы чехиялық Линда Носкова әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған америкалық Кори Гауффты жеңді.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылып, Носкованың пайдасына 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.

WTA-2026 қорытынды турнирі. Топтық кезең. 2-тур

Линда Носкова (Чехия) – Кори Гауфф (АҚШ) – 6:3, 6:3

Осы жеңістен кейін Носкова екі матчта екі рет жеңіске жетіп, бірінші топтың көшбасшысы атанды. Ал Кори Гауфф пен Джессика Пегуланың еншісінде бір-бір жеңістен бар.

Украиналық Марта Костюк екі кездесуде де жеңіліп, жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.

Топтық кезеңнің соңғы туры Қазақстан уақытымен 13 қарашада өтеді. Носкова Пегуламен кездессе, Гауфф Костюкке қарсы ойнайды. Осы матчтардан кейін жартылай финалға жолдама алатын теннисшілер анықталады.

Айта кетейік, екінші топта Арина Соболенко, Мирра Андреева, Элина Свитолина және Каролина Мухова өнер көрсетіп жатыр.