Басты бет
·
Теннис

Рыбакинаның орнына қатысқан украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінен шығып қалды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған америкалық Джессика Пегула WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңінде украиналық Марта Костюкті жеңді.

Әлемнің оныншы ракеткасы саналатын Костюк қарсыласына екі сетте жол берді. Бір жарым сағатқа созылған кездесу Пегуланың пайдасына 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.

WTA-2026 қорытынды турнирі. Топтық кезең. 2-тур

Джессика Пегула (АҚШ) – Марта Костюк (Украина) – 6:2, 7:5

Бұл Костюктің турнирдегі қатарынан екінші жеңілісі болды. Украиналық теннисші екі кездесуде де бірде-бір сет ұта алмай, жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, Марта Костюк WTA қорытынды турниріне әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның орнына қатысқан болатын. Қазақстандық теннисші жарыс басталар алдында турнирден бас тартты.

Биылғы додаға сегіз теннисші қатысып жатыр. Турнирдің жалпы жүлде қоры 15,5 миллион долларды құрайды.

Еске салайық, WTA қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы – Елена Рыбакина. Қазақстандық теннисші былтырғы финалда беларусьтік Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанған еді.