Новак Джокович Пекиндегі ATP-500 турниріне қатысатынын растады

Фото: Getty Images
Сербиялық теннисші Новак Джокович Пекинде өтетін ATP-500 санатындағы турнирге қатысады.
Бұл туралы «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін жеңімпазы әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
Джокович үшін алдағы жарыс Пекиндегі турнирге 11 жылдағы алғашқы қатысуы болмақ. Сербиялық теннисші бұл жарыста соңғы рет 2015 жылы өнер көрсеткен.
Сонымен қатар Джоковичтің Қытайдағы бұл турнирдегі көрсеткіші мінсіз. Ол мансабында жарыста алты рет жеңімпаз атанып, осы турнирде әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ. Сербиялық теннисші 2009, 2010, 2012, 2013, 2014 және 2015 жылдары чемпиондық атақты жеңіп алған.
Биыл Пекиндегі турнир 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – қазіргі таңда ATP рейтингін бастап тұрған италиялық Янник Синнер.
Өткен жылғы турнирдің финалында Синнер америкалық теннисші Лернер Тьенді сенімді түрде жеңді. Кездесу италиялық спортшының 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.