Нұрасыл Асамбек әлем чемпионатында қола медаль алды

Фото: НОК
Словакияның Братислава қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық еркін күрес балуаны Нұрасыл Асамбек әлемдік додада қола медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрасыл Асамбек үшінші орын үшін белдесуде Өзбекстан өкілі Ұлықбек Рашидовпен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласын сенімді түрде жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сондай-ақ 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали сынға түсті. Ол қола жүлде үшін белдесуде америкалық Джеймс Мастниден жеңіліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Осылайша, Қазақстанның еркін күрестен құрамасы әлем чемпионатында әзірге екі медаль жеңіп алды. Бұған дейін Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болған.