Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Нұршат Төлеуқасым Азия Пара ойындарында екінші медалін жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: parateam.kz

Фото: parateam.kz

Қазақстандық спортшы Нұршат Төлеуқасым 2026 жылғы Азия Пара ойындарында садақ атудан қола медаль иеленді. Ол W1 санатында үшінші орын үшін өткен кездесуде Таиланд өкілі Супхават Самутчайякиджді жеңді.

Кездесу 22 қазанда өтіп, қазақстандық спортшы 6:2 есебімен жеңіске жетті. Нұршат алғашқы екі сетте 26:24 және 23:22 есебімен басым түсіп, үшінші сетте 23:26 есебімен жеңіліп қалды. Алайда шешуші кезеңде 26:23 есебімен жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұршат Төлеуқасым Темірлан Сейітқамалмен бірге W1 санатындағы ерлер арасындағы жұптық сайыста күміс медаль жеңіп алған еді. Финалда қазақстандық жұп Қытай құрамасына 0:6 есебімен есе жіберді.