«Омония» – «Қайрат» матчын қайдан көруге болады?

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

22 шілде де Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді.

Қазақстан чемпионының қарсыласы Кипрдің «Омония» клубы болады. Кездесу Никосия қаласында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты тікелей эфирде тамашалай алады. Трансляция Қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Сондай-ақ матчтың ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz-тің Telegram арнасындағы live режимінен бақылауға болады.

Қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді. Дәл осы ойында келесі іріктеу кезеңіне жолдама алған команда анықталады.

Еске салайық, «Қайрат» бұл кезеңге бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіп шыққаннан кейін жолдама алды. Алғашқы кездесуде алматылықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.