Оңтүстік Корея құрамасы жаттығудағы оқиғадан кейін БАҚ-пен байланысын тоқтатты

ФИФА
Оңтүстік Корея футбол құрамасы бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасты уақытша тоқтатты.
ESPN мәліметінше, бұған ашық жаттығу кезінде болған келеңсіз жағдай себеп болған. Кездейсоқ қосылып кеткен микрофон журналистердің команда капитаны Сон Хын Минге қатысты айтқан әңгімесін жазып алған.
Атап айтқанда, тілшілер футболшының міндетті әскери қызметтен босатылуы туралы пікір алмасқан. Сол сәтте Сон Хын Мин негізгі топтан бөлек жаттығу жасап жатқан. Аудиожазба жария болғаннан кейін команда капитаны журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты, ал федерация жоспарланған сұхбаттардың барлығын тоқтатты.
Оқиғадан кейін делегацияның баспасөз қызметінің жетекшісі жауапкершілікті өз мойнына алып, қызметінен кетті.
2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы турында Оңтүстік Корея құрамасы Чехияны 2:1 есебімен жеңді. Топтық кезеңдегі қалған матчтарда корей футболшылары Мексика және Оңтүстік Африка Республикасының құрамаларымен кездеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.