Opta Испания чемпионатындағы титулға үміткерлердің мүмкіндігін бағалады: «Барселона» «Реалдан» алда

Фото: Getty Images
Жаңа Ла Лига маусымы басталар алдында Opta чемпиондық жарысқа қатысты болжамын жариялады. Суперкомпьютердің есебіне сәйкес, қазіргі чемпион — «Барселонаның» жаңа маусымдағы позициясы ең сенімді.
Каталониялық клубтың маусымды қайтадан турнир кестесінің көшін бастап аяқтау ықтималдығы 45,6% деп бағаланды. Оларға ең жақын тұрған «Реалдың» чемпиондық атақты қайтару мүмкіндігі 31% болды.
Екі алып клубтан кейін айтарлықтай алшақтық байқалады. «Атлетиконың» бірінші орын алу мүмкіндігі — 8,6%, «Вильярреалдікі» — 3,3%, ал «Бетистікі» — 2,1%.
«Барселона» жаңа маусымға Испанияның қазіргі чемпионы ретінде кіріп отыр. Өткен маусымда каталондықтар 38 турды 94 ұпаймен аяқтады. «Реал» олардан 8 ұпайға қалып қойса, үшінші орынға 72 ұпаймен «Вильярреал» жайғасты.