«Оқжетпес» әйелдер баскетболынан Ұлттық лигада «Жетісуды» жеңді

Фото: Getty Images
Қазақстан әйелдер баскетболынан Ұлттық лига аясында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы Талдықорғанның «Жетісуын» 77:62 есебімен ұтты.
26 қазанда өткен кездесуде «Жетісу» ойыншылары алғашқы кезеңді 22:14 есебімен аяқтап, алға шықты. Алайда екінші ширекте «Оқжетпес» таразы басын өзіне аударып, 26:14 есебімен басым түсті.
Үлкен үзілістен кейін де көкшетаулық команда қарқынын бәсеңдетпеді. Үшінші кезеңде 19:14, ал соңғы ширекте 18:12 есебімен жеңіске жетіп, матчты 15 ұпай айырмашылығымен аяқтады.
Кезеңдер бойынша есеп:
Бірінші кезең — 14:22
Екінші кезең — 26:14
Үшінші кезең — 19:14
Төртінші кезең — 18:12
Осылайша, «Оқжетпес» алғашқы кезеңдегі сәтсіздіктен кейін қатарынан үш кезеңде басым түсіп, жеңіске жетті.
Көкшетаулық команданың бастапқы бестігіне З. Будай, М. Крутевич, А. Мұстафина, Н. Яковлева және А. Лопатина енді. Ал «Жетісу» сапында алаңға А. Икижанова, Д. Ковалёва, А. Нұрболатқызы, А. Тілеубай және Л. Тұрсынова шықты.