«Оқжетпес» – «Жеңіс»: ҚПЛ матчының тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
«Жеңіс» ФК

«Жеңіс» ФК

Көкшетаулық «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасының 27-турында елордалық «Жеңісті» өз алаңында қабылдайды.

Матч 18 қыркүйекте Көкшетауда өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де басталады. Жанкүйерлер ойынды KFF League YouTube арнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live форматында бақылауға болады.

Матч алдында «Оқжетпес» ҚПЛ турнир кестесінде төртінші орында тұр. Көкшетау командасы 25 ойында 42 ұпай жинаған. Ал «Жеңіс» 25 кездесуден кейін 32 ұпаймен сегізінші сатыда орналасқан.

Өткен турда көкшетаулықтар «Ертістен» 1:2 есебімен жеңілсе, «Жеңіс» «Қызылжарды» 3:1 есебімен ұтты.

Командалар бірінші айналымда 29 сәуірде кездескен. Сол ойында елордалық клуб сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

«Оқжетпес» – «Жеңіс»: ҚПЛ матчының тікелей трансляциясы – sport-hub