Оралда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Aibar Rysdaulet··
Фото: IJF

Фото: IJF

29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 600-ге жуық спортшы қатысады. Дзюдошылар 14 салмақ дәрежесінде бақ сынап, чемпионаттың жүлдесін сарапқа салады.

Жарыста Қазақстан құрамасының бірқатар үздік спортшылары да өнер көрсетеді. Олардың қатарында Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Мади Амангелді, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берлікәш және Акерке Рамазанова бар.

Қазақстан чемпионаты отандық дзюдошылар үшін маңызды ішкі жарыстардың бірі саналады. Турнир барысында әр салмақ дәрежесінде елдің үздік спортшылары анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады.