«Ордабасы» – «Алтай»: Қазақстан кубогы матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
«Ордабасы» ФК

«Ордабасы» ФК

Шымкенттік «Ордабасы» мен өскемендік «Алтай» Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчтарын өткізеді.

Кездесу 15 шілде күні Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.

Еске сала кетейік, 1/16 финалда «Ордабасы» «Онтустикті» (4:2), 1/8 финалда «Каспийді» (3:0), ал ширек финалда «Жетісуды» (1:0) жеңді. Ал «Алтай» жартылай финалға дейін «Желаев Нанды» (2:0), «Ұлытауды» (4:3) және «Ақтөбені» (1:1, пенальтиде 4:3) жеңіп жетті.

Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда «Қайсар» – «Жеңіс» жұбының үздігімен кездеседі. Кубок иегері келесі маусымдағы Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

«Ордабасы» – «Алтай»: Қазақстан кубогы матчының тікелей трансляциясы – sport-hub