«Ордабасы» франциялық жартылай қорғаушыны қатарына қосты

Бегасыл Амирбай ··
«Ордабасы» ФК

«Ордабасы» ФК

Шымкенттің «Ордабасы» клубы француз жартылай қорғаушысы Тидиан Кейтамен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.

29 жастағы футболшы «Тулуза» академиясының түлегі болып табылады. Бұған дейін ол Францияның «Коломье», «Орлеан», «Дюнкерк» клубтарында, сондай-ақ Румынияның «Петролул» және ЧФР командаларында өнер көрсеткен.

Өткен маусымда Кейта 38 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген. Жалпы кәсіби мансабында жартылай қорғаушы 257 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 8 нәтижелі пас тіркеген.

Еске сала кетейік, 13 турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» 31 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр.