Басты бет
·
Футбол

«Ордабасы» Украина құрамасының футболшысын алуға жақын

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Клуб басшылығы футболшының келесі маусымдағы амбициялық мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетініне сенімді.

Келіссөздердің барысы туралы шымкенттік клубтың тең иесі Бейбіт Әлібеков мәлімдеді. Ол Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында тараптар келісімшарттың соңғы талаптарын талқылап жатқанын растады.

«Жаңалық БАҚ-та жарияланғандықтан, Украина құрамасының 28 жастағы ойыншысы Алексей Гуцулякпен келісімшарт бойынша келіссөздердің соңғы кезеңіне жеткенімізді растаймын. Келесі жылға қойған мақсаттарымыз ауқымды. Алексей екеуміз дұрыс таңдау жасадық деп сенемін. Гуцуляк ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшы болады», – деп жазды Әлібеков.

Украиналық футболшы қысқы трансферлік кезеңде Қазақстанға ауысуы мүмкін. Оның «Полесьемен» келісімшарты жазда аяқталғандықтан, Гуцуляк жаңа командаға еркін агент ретінде қосыла алады.

Житомирлік клуб сапында екі маусымда жартылай қорғаушы 65 матч өткізіп, 21 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. «Полесьемен» бірге Украина чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, «Ордабасы» биыл өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. 25 қазанда «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталғаннан кейін алматылық клубтың көшбасшыны қуып жетуге математикалық мүмкіндігі қалмады.

«Ордабасы» Украина құрамасының футболшысын алуға жақын – sport-hub