«Ордабасының» түлегі Әмір: «Финалға шығуға көмектесе алғаныма өте қуаныштымын»

Бекарыс Әлімхан··
«Ордабасы» ФК

«Ордабасы» ФК

«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы «Алтайға» қарсы қарымта матчтағы 2:1 есебіндегі жеңіске қатысты пікір білдірді.

Шымкенттік команда матчтың үшінші минутында-ақ Дарко Додевтің голынан кейін есепте артта қалды. Алайда 11-минутта Берн Йонсен есепті теңестірсе, 28-минутта Жасұлан Әмір жеңіс голын соқты.

«Голды ерте жіберіп алғаннан кейін ойынға бірден қосылу өте қиын болды. Дегенмен өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, екі гол соқтық. Осыдан кейін ойнау жеңілдей түсті. Жеңіске жетіп, финалға шыққанымызға қуаныштымын.

Эльханға бос қақпаға тамаша пас бергені үшін алғыс айтқым келеді. Бес матч бойы гол соға алмағаннан кейін гол соққаныма өте қуаныштымын. Бізді қолдау үшін ұзақ жол жүріп келген жанкүйерлерімізге үлкен рақмет», — деді Әмір.

Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде «Ордабасы» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, шымкенттік клуб «Алтайды» екі матчта да жеңіп, жалпы есепте 5:2 нәтижесімен финалға жолдама алды.

Финалда команда «Қайсармен» кездеседі. Қызылордалықтар «Жеңісті» екі ойынның қорытындысы бойынша 5:4 есебімен жеңді.

Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» 22 матчтан кейін 52 ұпаймен көш бастап келеді. Ең жақын қарсыласы «Қайрат» 21 ойыннан кейін 48 ұпай жинаған.