«Осы сәт үшін жұмыс істедік»: Каннаваро 2026-ӘЧ алдында мәлімдеме жасады

Фото: Getty Images
Өзбекстан құрамасы бас бапкері Фабио Каннаваро әлем чемпионатындағы алғашқы ойыны алдында өз әсерімен бөлісті.
Итальяндық маман команда ұзақ уақыт бойы осы тарихи сәтке дайындалғанын және өз елін әлемдік додада лайықты түрде таныстыруға ниетті екенін айтты.
«Біз үшін бұл ерекше күн. Өзбекстан алғаш рет әлем чемпионатына қатысып отыр, және біз бұл оқиғаға үлкен сеніммен, бар күшімізбен дайындалдық. Біз осы сәт үшін күн сайын жұмыс істедік және жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлағымыз келеді.
Әлем чемпионаты әрдайым күтпеген оқиғалар мен керемет тарихтар сыйлайды. Ең бастысы – өз-өзіңе сену, концентрацияны сақтау және бар күшіңді салу. Колумбияға қарсы матч, осы жолдағы алғашқы қадам. Біз бұл сынақты қабылдауға дайынбыз және тарихи сәттен ләззат алғымыз келеді», – деді Каннаваро.
2026 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстан үшін тарихи турнир болмақ: команда алғаш рет финалдық кезеңге жолдама алып, жаңа белеске шықты.
Дебюттік матч 18 маусым күні Мехикодағы аты аңызға айналған «Ацтека» стадионында Колумбия құрамасы командасына қарсы өтеді.