Отаменди Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: instagram_nicolasotamendi30

Фото: instagram_nicolasotamendi30

Қорғаушы Николас Отаменди Аргентина ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. 38 жастағы футболшы үшін соңғы ойын 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы болды.

Еске салайық, Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы кездесуден кейін Отаменди ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын хабарлады.

«Мәңгі есімде қалатыны – ешқашан сенімін жоғалтпаған, соңғы секундқа дейін күрескен және осы жейдені бар жүрегімен қорғаған командамен бірге осы жолдан өткенімді мақтан тұтатыным», – деді Отаменди.

Отаменди Аргентина құрамасы сапындағы дебютін 2009 жылы өткізді. Ұлттық құрамамен бірге ол 2022 жылы әлем чемпионы атанды, екі рет Америка кубогын  және Финалиссима трофейін иеленді.

Жалпы Аргентина құрамасы сапында ол 139 матч өткізіп, 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Отаменди Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады – sport-hub