Өзбекстан құрамасы АҚШ-тағы әлем чемпионатына дайындығын бастады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ӨФА

Фото: ӨФА

Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында АҚШ-та алғашқы жаттығуын өткізді.

Команда дайындық жұмыстарын Нью-Йорк қаласында бастады. Жаттығу жиыны туралы Өзбекстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Алдағы мундиаль Өзбекстан құрамасы үшін тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты болмақ.

Топтық кезеңде өзбектер Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасының құрамаларымен кездеседі. Өзбекстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчын 18 маусым күні Мехикода Колумбияға қарсы өткізеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.