Өзбекстан құрамасының U-17 Азия кубогының жартылай финалындағы Жапониядан жеңілген матчына бейнешолу

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ӨФА

Фото: ӨФА

Өзбекстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Азия кубогының финалына шыға алмады. Команда Жапонияға пенальти сериясында жол берді.

Жиддада өткен жартылай финалдық матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 28-минутта Асилбек Алиев пенальтиді сәтті орындап, Өзбекстан құрамасын алға шығарды. Алайда екінші таймға қосылған алтыншы минутта Чимезие Эземокуве есепті теңестіріп, ойынды пенальти сериясына ұластырды.

Матчтан кейінгі пенальти сериясында жапониялық футболшылар дәлірек болып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

22 мамыр күні өтетін турнир финалында Жапония құрамасымен Қытай алаңды бөліседі. Екінші жартылай финалда қытайлықтар Аустралияны 2:0 есебімен жеңген болатын.

Матчқа бейнешолу:

Өзбекстан құрамасының U-17 Азия кубогының жартылай финалындағы Жапониядан жеңілген матчына бейнешолу – sport-hub