«Паневежис» – «Тобыл» матчын қайдан көруге болады?

Али Асетов··
«Тобыл» ФК

«Тобыл» ФК

Қостанайлық "Тобыл" 23 шілдеде УЕФА Конференциялар лигасы аясында алғашқы ойынын өткізеді.

Екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында қазақстандық клуб сырт алаңда литвалық «Паневежис» командасымен кездеседі. Ойын Паневежис қаласындағы Аукштайтия стадионы стадионында өтеді. Басталу уақыты - Қазақстан уақытымен 20:30.

Матчты қайдан көруге болады?

Кездесу тікелей эфирде Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ матчтың ең қызықты сәттерін Telegram-дағы Sport-hub.kz арнасынан live форматта бақылауға болады.

Бұл ойын екі команда үшін де биылғы Конференциялар лигасындағы алғашқы ресми матч болмақ, өйткені «Тобыл» мен «Паневежис» жарысты бірден екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

Литва клубы бұл кездесуге өз чемпионатында сегізінші орында келіп отыр. 20 турдан кейін «Паневежис» 19 ұпай жинап, әзірге көшбасшылар қатарына кіре алмай жүр.