«Тобол» Конференциялар лигасында «Лудогорец» немесе «Партизанмен» ойнауы мүмкін

«Тобыл» ФК
Қостанайлық «Тобол» УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді.
Үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі 20 шілде күні Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.
Егер «Тобол» «Паневежисті» жеңсе, келесі кезеңде мына жұптардың бірінің жеңімпазымен кездеседі: «Зимбру» (Молдова) – «Ноа» (Армения), «Партизан» (Сербия) – «УНА Штрассен» (Люксембург), «Университатя Клуж» (Румыния) – «Бранн» (Норвегия), «Хапоэль» Тель-Авив (Израиль) – «Лудогорец» (Болгария).
Екінші іріктеу кезеңіндегі «Паневежис» пен «Тобол» арасындағы алғашқы матч 23 шілдеде Литвада өтеді. Жауапты кездесу 30 шілдеде Қостанайда болады.