Паоло Мальдини Пирлоға қатысты келіссөздер бұзылса, Италия федерациясынан кетуі мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: NTV Spor

Фото: NTV Spor

Италия футбол федерациясының техникалық директоры Паоло Мальдини Андреа Пирло Италия құрамасының бас бапкері болып тағайындалмаса, қызметінен кетуі мүмкін.

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, FIGC президенті Джованни Малаго Паоло Мальдинимен кездесіп, Андреа Пирлоның тағайындалуы кәсіби қабілетіне күмәнданудан емес, саяси себептерге байланысты тоқтатылғанын түсіндіруді жоспарлап отыр.

Бұл жағдайды Мальдини кадрлық шешімдерді қабылдауда өзінің дербестігін шектеу әрекеті ретінде қабылдауда. Егер Пирлоны тағайындаудан бас тартылса, техникалық директор қызметінен кетуі ықтимал.

Сондай ақ саясаткерлердің басым бөлігі Италия құрамасының бас бапкері қызметіне Антонио Контені қолдайтыны айтылуда. Егер Мальдини отставкаға кетсе, оның орнына Италия құрамасының бұрынғы капитаны Джорджо Кьеллини келуі мүмкін. Айта кетейік, Паоло бұл қызметке небәрі 16 күн бұрын ғана тағайындалған.

Еске салайық, Пирлоның тағайындалуы оның ресейлік букмекерлік компаниямен әріптестігіне байланысты күмән тудырған. Ол сол компанияның жаһандық амбассадоры болып табылады. Соған қарамастан, федерация Карло Анчелотти мен Хосеп Гвардиоланың бас тартуынан кейін Пирломен принципті келісімге келген. Футболшының заңгерлері букмекерлік компаниямен келісімшартты кез келген уақытта айыппұлсыз бұзуға болатынын мәлімдеді.