Италия құрамасының бас бапкері қызметіне Андреа Пирло негізгі кандидат атанды

Бегасыл Амирбай ··
«Ювентус» ФК

«Ювентус» ФК

Италия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андреа Пирло ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне басты үміткер атанды.

Николо Скира мәліметінше, Италия футбол федерациясы Пирлоның кандидатурасын бас бапкер қызметіне негізгі нұсқа ретінде қарастырып жатыр.

Әр жылдары Пирло «Ювентус», түркиялық «Фатих Карагюмрюк» және италиялық «Сампдория» клубтарын жаттықтырған. 2025 жылдың шілде айынан бастап ол БАӘ-нің «Дубай Юнайтед» клубының бас бапкері қызметін атқарып келеді.

«Ювентуспен» бірге ол 2020/21 маусымында Италия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.

Футболшы ретінде Пирло Италия құрамасында 2002–2015 жылдар аралығында ойнап, 2006 жылғы әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында ол 116 матч өткізген.