Паоло Ваноли Италия құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер

Бегасыл Амирбай ··
«Фиорентина» ФК

«Фиорентина» ФК

Италия футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін іздеуді жалғастыруда. Бұл қызметке үміткерлердің бірі ретінде «Фиорентина» клубының бұрынғы бапкері Паоло Ваноли қарастырылып отыр.

Sportmediaset мәліметінше, федерация өкілдері Паоло Ванолиді бас бапкер лауазымына үміткерлер тізіміне енгізген.

Ваноли Италияның жасөспірімдер құрамаларымен жұмыс істеген, ұлттық құраманың бапкерлер штабында болған. Сондай-ақ «Челси» мен «Интерде» ассистент қызметін атқарған. Кейін ол мәскеулік «Спартакты», «Венецияны», «Ториноны» және «Фиорентинаны» жаттықтырды. Қазіргі уақытта маман жұмыссыз.

Ванолиден бөлек, Италия құрамасының бас бапкері қызметіне Роберто Манчини, Антонио Конте, Тьяго Мотта және Раффаэле Палладино да үміткер саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Италия құрамасы ресейлік букмекерлік компаниямен байланысына қатысты жанжалдан кейін Андреа Пирлоны тағайындаудан бас тартқан еді. Осы жағдайдан соң Паоло Мальдини мен Леонардо да өз қызметтерінен кеткен.