Пирло енді Италия құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер емес

«Ювентус» ФК
Италиялық маман Андреа Пирло енді Италия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер емес екенін мәлімдеді.
Пирлоның айтуынша, оның кандидатурасы бұдан былай қарастырылмайды. Бұған оның Ресейдің букмекерлік компанияларының бірімен ынтымақтастығына байланысты туындаған дау себеп болған.
«Кеше кешке Италия құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарынан шығарылғанымды білдім», – деп келтіреді Пирлоның сөзін журналист Джанлука Ди Марцио.
Бұған дейін бірқатар жергілікті саясаткер Италия футбол федерациясының президенті Джованни Малагоны Пирлоны ұлттық құраманың бас бапкері етіп тағайындамауға шақырғаны хабарланған еді.
Айта кетейік, Андреа Пирло әр жылдары «Ювентусты» жаттықтырып, клубпен бірге Италия кубогы мен Италия суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ ол Түркияның «Фатих Карагүмрүк», Италияның «Сампдория» клубтарын басқарды. Ал 2025 жылдың шілде айынан бері Біріккен Араб Әмірліктерінің «Дубай Юнайтед» клубының бас бапкері қызметін атқарып келеді.