Басты бет
·
Футбол

Пап Гейе ұлттық құрамадағы мансабынн уақытша тоқтататынын мәлімдеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: AP 2024

Фото: AP 2024

27 жастағы жартылай қорғаушы Сенегал құрамасы сапында 45 матч өткізіп, жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

«Бұл жаттықтырушылар штабы қызметте тұрған уақытта мен құрамдағы ойынымды тоқтата тұрамын», – деп футболшының сөзін журналист Фабрицио Романо келтіреді.

Сенегал құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін 1/16 финалда Бельгиядан жеңіліп аяқтады. Сиэтлде өткен матч қосымша уақытта 3:2 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді.

Еске сала кетейік, Сенегал құрамасының бас бапкері Пап Тиав. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Африка ұлттар кубогының финалына дейін жеткен.