Пирс Морган Мбаппені Парагвай сенаторымен болған даудан кейін қолдады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

Танымал тележүргізуші Пирс Морган Парагвай сенаторы Селеста Амарильяның Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты айтқан пікірін қатаң сынға алды.

Бұған дейін Амарилья 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Франция Парагвайды 1:0 есебімен жеңгеннен кейін Мбаппенің қарсылас команданың қақпашысы Орландо Хильмен қол алыспағанын сынға алған болатын.

«Неткен жиіркенішті, арсыз нәсілшіл адам. Біз бәріміз осы масқара әйелге қарсы күресте сені қолдаймыз, Килиан Мбаппе. Оның мүмкіндігінше тезірек қызметінен кетірілгенін қалаймын. Мұндай адам Парагвайдың сайланған сенаторы атанды дегенге қалай сенуге болады?» – деп жазды Морган X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Франция құрамасы Мароккомен кездеседі. Матч 10 шілде күні өтеді.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеге жоспарланған.