Басты бет
·
Хоккей

«Питтсбург» өз алаңында «Бостоннан» ойсырай жеңілді

Али Асетов··
Фото: ХК «Питтсбург»

Фото: ХК «Питтсбург»

Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Бостон Брюинз» сырт алаңда «Питтсбург Пингвинз» командасын ірі есеппен жеңді.

«Пи-Пи-Джи Пэйнтс-Аренада» өткен кездесу қонақтардың 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Матчтың басты қаһарманы «Бостон» шабуылшысы Павел Заха болды. Ол екі шайба соғып, дубль авторы атанды. Сондай-ақ жеңімпаздар сапында Марк Кастелич, Элиас Линдхольм, Морган Гики және Фрейзер Минтен бір-бір шайбадан соқты.

Ал «Питтсбург» құрамында Джастин Бразо мен Николас Робертсон нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

ҰХЛ. Тұрақты чемпионат

«Питтсбург» – «Бостон» – 2:6

Осылайша, «Бостон» сырт алаңда сенімді жеңіске жетсе, «Питтсбург» өз жанкүйерлерінің алдында ірі есеппен жеңіліс тапты.