Покатилов капитан ретінде «Сабахты» жеңіске бастады
Бөлісу

Фото: «Сабах» ФК
Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.
Алғашқы кездесуде «Сабах» өз алаңында Уэльстің «Нью-Сейнтс» клубын 2:0 есебімен жеңді. Голдардың авторлары Велько Симич пен Рахим Паррис болды.
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов матч бойы алаңда болып, командасын капитан ретінде бастап шықты. Қарымта кездесу 14 шілде күні Англияның Освестри қаласында өтеді.
Айта кетейік, 33 жастағы Покатилов «Сабах» сапына 2025 жылдың қаңтарында қосылған. Осы уақыт ішінде қазақстандық қақпашы клубпен бірге Әзербайжан чемпионы атанып, ел кубогын екі мәрте жеңіп алды.