Басты бет
·
Футбол

Поль Погба MLS-ке ауысуы мүмкін: үш клубтың аты аталды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Франциялық жартылай қорғаушы Поль Погба «Монакодан» кеткеннен кейін мансабын АҚШ чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Инсайдер Экрем Конурдың мәліметінше, 33 жастағы футболшының өкілдері MLS-тің бірнеше клубымен байланысқа шыққан. Әлем чемпионын қатарға қосуға үміткерлер арасында «Нью-Йорк Сити», «Ди-Си Юнайтед» және «Интер Майами» бар.

Погба мен «Монако» арасындағы келісімшарт тамыз айында екі тараптың келісімімен тоқтатылды. Бастапқыда келісім 2027 жылдың жазына дейін жарамды болған. Алайда денсаулығына байланысты мәселелер француз футболшысына негізгі құрамнан тұрақты орын алуға мүмкіндік бермеді.

Мансабында Погба «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентус» сапында да өнер көрсетті. Ағылшын клубымен бірге Еуропа лигасын жеңіп алса, туриндік команда құрамында Италия чемпионы атанды. Франция құрамасымен 2018 жылы әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Айта кетейік, 2024 жылы Погба допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін бастапқыда төрт жылға жарыстардан шеттетілген еді. Кейін Спорттық арбитраждық сот (CAS) апелляцияны қарап, дисквалификация мерзімін 18 айға дейін қысқартты.