«Порту» түлегі «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» португалиялық қорғаушы Луиш Матамен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартты.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
29 жастағы футболшы «Қайрат» сапында барлық турнирді есептегенде 79 матч өткізіп, үш гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берген.
Мата алматылық клубқа 2025 жылдың ақпанында Польшаның «Заглембе» командасынан жалға алу негізінде қосылған болатын. Кейін қорғаушы «Қайратпен» толыққанды келісімшарт жасасты.
Португалиялық футболшы 2025 жылы «Қайратпен» бірге Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ алматылық клубтың тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына үлес қосты.
Қазақстанға келгенге дейін Луиш Мата Польшаның «Погонь» және «Заглембе» клубтарында өнер көрсеткен. Бұдан бөлек, Португалияның «Порту Б», «Портимоненсе» және Испанияның «Картахена» командаларында ойнаған.
Қорғаушы – әйгілі «Порту» клубының академиясының түлегі. Сондай-ақ Португалияның жастар құрамасында өнер көрсету тәжірибесі бар.
Айта кетейік, аяқталған 2026 жылғы маусымда «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасында екінші орын алды. Ал чемпиондық атақты шымкенттік «Ордабасы» жеңіп алды.