Португалия – Испания матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: instagram_portugal

Фото: instagram_portugal

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасына қарсы матч өткізеді.

1/8 финалдағы кездесу 7 шілде күні АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында өтеді. Басталу уақыты Қазақстан уақытымен 00:00.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ матчтың ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасында live режимінде бақылауға болады.

Еске салайық, бұған дейін топтық кезеңде Португалия K тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықса, Испания H тобында бірінші орынға ие болды. 1/16 финалда португалиялықтар Хорватияны (2:1) жеңсе, испаниялықтар Австрияны (3:0) ұтты.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысуда.

Португалия – Испания матчының тікелей трансляциясы – sport-hub